Сүйінші! – Өтепберген Ақыпбекұлы

Бұл бетте «Сүйінші!» атты Өтепберген Ақыпбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1061
”…Сүйiншi!
Ой-һой!…”
Тым ерлеп,
Есiк қақты бiреу кеп.
Қайталанды сол дауыс:
“Сүйiншi,
Кесте тiгер!..”– деп.
Қобалжып атам бiр түрлi,
Есiкке тұра ұмтылды…
“Сүйiншi!..” –
Осы бiр сөзбен,
Үйге жылу, нұр кiрдi.
Кемсеңдеп,
Үнiн шығармай,
Əжем жүр жаны шығардай.
“Кесте тiгер…”–
Бұл сөздiң,
Мен тұрмын мəнiн ұға
алмай…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері