Президенттiк шырша – Өтепберген Ақыпбекұлы

Бұл бетте «Президенттiк шырша» атты Өтепберген Ақыпбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3641
Шеткерi ауыл – алыс түп,
Туған жердiң бәрi ыстық!..
Президенттiк шыршада –
Талай доспен таныстық…

Жатсынбадық жатырқап,
Араластық жарқылдап.
Елбасымен бiр болған,
Ұмытылмас асыл сәт!..

Есiк ашып нұр күнге,
Келдi Жаңа жыл, мiне!..
Ғасырлардың тоғысы –
Тоғыстырды бiздi де…

Асулар көп алда асар,
“Тұлпар орнын тай басар!..” –
Сәлем,
Жаңа мыңжылдық!
Бiзбiз –
Сенi жайнатар!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері