Ат қою – Өтепберген Ақыпбекұлы

Бұл бетте «Ат қою» атты Өтепберген Ақыпбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1918
Өмірден көп көргені,
Ақсақалға төрдегі:
“Азан шақыр,
Ат қой“,– деп,
Жиналған жұрт сөз берді.
Бата жасап бағыштап,
Қарт
Бөпемді алға ұстап:
“Сенің атың
Əмина!...“–
Деді үш рет дауыстап...
Əн-күй кетті қалықтап,
Атын естіп анық, нақ,
Езу тартты бөпешім,
Қуанғандай шалықтап...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері