Таң арайында – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Таң арайында» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1018
Таң саясын құшқалы
Сәулетті сан жыл өтті...
Самғап бақыт құстары,
Жеріме елім гүл екті.
Шөліркеген шаңдақта
Мөлдір көлдер орнады.
Қанат жая жан-жаққа,
Қонды жасыл орманы.
Украина, Кубаньнан
Келген еңбек мейманы,
Дән құйылта тыңдардан,
Болды елімнің туғаны!
Ұлы Октябрь таңынан
Бастап халық достығы
Мызғымас боп танылған,
Желбіреп тұр дос туы!

1955


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері