Қақырап сынып түскенше – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қақырап сынып түскенше» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1177
Қақырап сынып түскенше
бiлекпен,
иық,
белiммен
көтерем сенi, Туған жер,
осынау өзен, көлiңмен,
шөлiңмен,
орман,
жерiңмен,
көтерем сенi, Туған жер!
Оятып ойды алам да
айқайлап жатқан ағыспен
көтерем сенi,
қамалып
көмейде жатқан дауыспен.
Уақыт салып араға,
тұрмастан босқа тыныстап,
көтерем сенi
далада,
көшеде,
үйде,
жұмыста.
Ертеңге қалай барам мен
қап қойсам сыртта, қапталда, –
салмағың жатсын, әйтеуiр,
қолыма алған қалам мен
арқама салған қаптарда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері