Көп ағайын мені, әттең, түсінбед
- 0
- 0
Көп ағайын мені, әттең, түсінбеді.
Қысым ба еді ол сонда, түсім бе еді?..
Өлөң үшін әбігер болды ма олар?
Бәрі де әлде өздері үшін бе еді?..
Бұл бетте «Жеріндей Жетісудың құнарлы өлең» атты Тоқтасын Сүгірбеков жазған поэзия туралы өлең берілген.
Көп ағайын мені, әттең, түсінбеді.
Қысым ба еді ол сонда, түсім бе еді?..
Өлөң үшін әбігер болды ма олар?
Бәрі де әлде өздері үшін бе еді?..
Мен өзімді іштегі шермен езем.
Ой-арманы жоқ адам, ол да – бәрібір –
орманынан айырылып өлген өзен!
Талай төніп санама мұнар-сұрақ,
Сөз сүйегін өлшеме, мұңды өлшегін,
Ой – көп, қобыз-ділімнің түртер ішегін.
Сары Дала дөңбекшіп Күн астында,
сайтан-сағым сорады бұлт емшегін.
Шуыл құрап қалың ши, ызың құрап,
жолға шықтым іңірде қызылқұлақ.
Дауылдатқан дәл осы күн секілді.
өзімнің де келеді бұзылғым-ақ!
Төрт түлігі қоңданған күйістеніп
ел байлығын елеуге тиісті ері.
Арқарлар жоқ, тұяғын тұман жуған.
Бар қалғаны – шаңырақ-мүйіздері.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі