Өлең, жыр, ақындар

Ленин туралы жыр

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 570
«Аврора» сонау бір кез...
Неваның,
Сарайына патшаның
оқ атқаның,
Білем, еркін аттап алға
ел адым,
Он жетінші жылы
бақыт тапқанын.
Ту қып ұстап халық
Ленин ұранын,
Жастан мен де
Ленин атын жаттадым.
Ленин
туды,
Ай маңдайлы ұлы адам,
Туды ол,—
патша, жандармға бас ұрмай.
Туды ұлы —
Халқы сүйіп қалаған
данышпаны,
жауына ол —
жасындай!
Шын бақыттың бесігі —
орыс анадан
Туған Ленин
өзі бір зор ғасырдай.
Аға орыс халқы
бастап дауылда,
Ұстадық біз —
нарттай қызыл
нұр туды.
Россияға,
деревняға,
ауылға —
Ленинменен
жаңа ғасыр
бір туды.
Біздің халық
жасап жатқан істердің
Жеңісінен —
көрем Ленин бейнесін,
Сезем,
жанған жұлдызынан
СЭС – тердің.
Ұлы Ленин жанарының
сөнбесін!
Білем,
Ленин
Советтік зор күшті елдің
Мызғымастай қалап берген
іргесін!
Өмірге нәр —
сүйгендей сап ауаны,—
біз сүйеміз
Нұрлы Ленинизмді!
Қуатынан
жүрек жолдама
алады,
Ленин жолы ол —
күндей ашар
көзіңді!
Ленин томын
ту ғып ұстап
жоғары,
Сөзін оқып,
сомдай түсем
өзімді.
Бар томдардың маршалындай
үйімде —
Тұр тізіліп
сапта —
Ленин томдары.
Лениннің нақ
өзі айтқан күйінде
өмірге жол ашып
айқын ойлары.
Өмірімде арманым жоқ
менің де
Жырлай білсе Ленинді өлең жолдары.

1955



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көктем мерекесі

  • 0
  • 0

Даланың ерке көктем гүлі түлеп,
Тағынып көк жапырақ сылқым терек.
Кеп-кеше осы майдың салютіндей
Қақты алғаш жаз дабылын күн күркіреп!

Толық

Теңіз бала

  • 0
  • 0

Демалысқа барғалы
Әкесі мен анасы
Жиналғанда, қалмады
Жекен деген баласы:

Толық

Өлеңім - полюс жұлдызы

  • 0
  • 0

Ұшқыштар ұлы отаннан қанаттанып,
Одақтан Солтүстікке қанат қағып,
Ұшқанда, пропеллер әнін қосып,
Самғады өлеңім де бірге аттанып!

Толық

Қарап көріңіз