Рақмет саған, мұғалім! – Өтепберген Ақыпбекұлы

Бұл бетте «Рақмет саған, мұғалім!» атты Өтепберген Ақыпбекұлы жазған ұстаз туралы өлең берілген.

Әріптерді үйретіп,
Жақын болған кім бізге?
Жамандықтан жирентіп,
Ақыл болған кім бізге? –

Десек, ол жан – мұғалім,
Таласады, сірә, кім?
Қапастағы елдердің
Мұңын айтқан кім бізге?

Көрікті сан жерлердің
Сырын айтқан кім бізге?
Десек, ол жан – мұғалім,
Таласады, сірә, кім?

Аңыз, ертек, ән-жырдың,
Бәрін бойға құйғыздың.
Санамызға сен біздің
Бар асылды сыйғыздың.
Жақтың білім шырағын,
Рақмет саған, мұғалім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері