Қысқы Есіл – Өтепберген Ақыпбекұлы

Бұл бетте «Қысқы Есіл» атты Өтепберген Ақыпбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1696
Мұз көрпенi –
Қыс түсе,
Бүркендi де үстiне:
Қалғып кеттi қарт Есiл,
Сезбейдi ол түктi де…

Жұртшылықты таң қылған,
Болды мұнда сан думан…
Арнасында теп-тегiс,
Жарыс та өттi шаңғыдан…

Жүрсе де жұрт дуылдап,
Елемейдi бiр уақ:
Ұйықтап жатыр қарт Есiл,
Кеудесi сәл сырылдап…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері