Қандай жақсы – Нарша Булгакбаев

Бұл бетте «Қандай жақсы» атты Нарша Булгакбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бай болғаның қандай жақсы,
Пайда көретін жалтақсыз.
Танылғаның қандай жақсы,
Жүре алмайтын атақсыз.

Сау болғаның қандай жақсы,
Сыпылдайтын армансыз.
Бар болғаның қандай жақсы,
Ғұмыр кешетін тағатсыз.

Адал болғаның қандай жақсы,
Турашыл дейтін арамсыз.
Әділ болғаның қандай жақсы,
Шыншыл дейтін қарасыз.

Бала болғаның қандай жақсы,
Күнің өтпейтін қызықсыз.
Адам болғаның қандай жақсы,
Өмір өтпейтін қайырсыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері