Өлең, жыр, ақындар

Жұмекен

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 704
Бала кезден, бал шақтан жыры ұнаған,
Өзінен оза туған, бұрын Адам.
Әдебиеттің есігін ақын қақты:
«Үп-үлкен дүниенің сырына алаң».
«Ар ісі – әдебиет» деп елеңдеумен,
Терезені қақты ақын теңеулермен.
«Осынау олпы-солпы өлеңменен,
Өзімді түсіндіріп келем» деумен.
«Айнала ақын болған ағайын көп,
Бір жүрек көңіліңді табайын» деп.
Қарағым: «қалғи қойшы, жабайын» деп,
Адам келіп өмірге таза өтсін деп,
Дүниеге әр жүрек қажетсің деп.
Өмірлік «Араға ұқсап бал жинадың,
Оны өзі сезбегенге не жетсін» деп.
Түнгі бір жұлдыздармен ақты түнеп,
Шыңына тауымыздың қақты түлеп.
«Бұтақтарын – биікке» өсірді ақын,
«Тамырларын – тереңге» тартты жүрек.
Айдынның, ақ айдынның тұнатыны,
Теңіздің тереңінде сұрапылы.
Оқитын жүрегіңнің көзіменен,
Жұмекен –
ұлтымыздың ұлы Ақыны!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сыр

  • 0
  • 0

Таңымдай қуанышым бар осында,
Жанымдай жұбанышым бар осында,
Арымның шамшырағы бар осында,
Қанымның тамшылары бар осында,

Толық

Бақытты күндер бақ қандай

  • 0
  • 0

Бақытты күндер бақ қандай,
Ағарып ақ таң атқандай,
Аймалап сүйіп аруды,
Жаһанда бейне жатқандай.

Толық

Шығыс пен батыс

  • 0
  • 0

Шығыстан күн шығады күлім қағып,
Қарайсың ұлы күнге нұрың танып.
Адамзатқа дем берер шарапатты,
Дүниеге тарайды ұлы жарық.

Толық

Қарап көріңіз