Анаға тілек
Өсірген жетім етпей жетеумізді,
Жегізген өзі жемей бар дәмдіні.
Нұр жүзді, асыл анам әже болып,
Мінеки, сексен екі жасқа толды!
Қос тізеге салдырып болат темір,
Екі көзге жасатып ота не бір.
Талапшыл, қатал анам шөгіп бүгін,
Болыпты қалт-құлт еткен момын кемпір.
Шалы жоқ ұрсысатын, еркелейтін,
Күші жоқ әнін айтып, би билейтін.
Фильмді тек құлақпен есітеді,
Бұлыңғыр қос жанары, көз көрмейді.
Ұл-келін, қыздарына бөпе болып,
Шомылдырса риза, шашын өріп.
Немере, шөбересін қарап отыр,
Қарт анам кезекпенен құшып-сүйіп!
Тілінен кеткен емес шүкірлігі,
Ұдайы айтып жүрер зікірлерді.
Алласын тастамайтын ауызынан,
Анашым мұсылман ғой ең үлгілі!
Мың алғыс АНА сізге ұл-қызыңнан,
Жарқырап жана берсін жұлдызың сан.
Ұрпағың - абыройлы, текті болып,
Қуанышқа бөлесін барлық балаң!
Сіңілің аман болып, жан бауырың,
Аттай болып жақсарсын денсаулығы.
Той болып арты-артынан, күліп-ойнап,
Шат-шадыман боп өтсін әрбір күнің!
"Шүкір" дейміз дәл сіздей анамыз бар,
Артта қалды бал-шырын бала жылдар.
Біздерге шын бақытты сезіндірген,
Мың алғыс, сізге АНА, ұл-қызыңнан!
Гүлмекен Қасенбай
02.01.2025
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі