Бала күнде балдырған еркем еді – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Бала күнде балдырған еркем еді» атты Кәкімбек Салықов жазған бала туралы өлең берілген.

Бала күнде балдырған еркем еді,
Өмірге де ерекше еркеледі.
Түсініспей кеттік пе,
Кездеспедім,
Оны іздегіш жүрегім желкен еді.
Қыз қылығын ел жеті көмкереді,
Біреу қате,
Ал біреу жөн көреді.
Жөн көрсе де, мың мәрте төңкерсе де,
Пай, пай, шіркін!
Ол ғажап көркем еді!

1992


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері