Аққулардың арманы
Бұл бетте «Аққулардың арманы» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 02.01.2025
- 0
- 0
- 1204
Дара аққуды көрдім айдын шетінде,
Бейнесі оның ұқсап кетті жетімге.
Күз келгенде өзге құстар топтанды
Үйірімен кетуге.
Біреу айтса ойлар ма едім бекер деп,
Ол да ертең өз тобына жетер деп.
Кім ойлапты сұлуларды өмірде
Жалғыз-жалғыз өтер деп?
Аяулы екен дара аққудың қалғаны,
Көл теңселтсе дала-күнге салғаны.
Дүниеде жалғыз қалмау екен ғой
Аққулардың арманы.
1968
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі