Домбыра туралы баллада – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Домбыра туралы баллада» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

1. Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі –
Күмбірлеген домбырасы барында.

Қайырмасы:
Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра,
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!

2. Домбыра, бұл үнсіз қалып көрмеген,
Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген,
Үзіледі, үзіледі, үзіледі әуендер,
Ғашықтардың көз жасындай пернеден.

Қайырмасы.

3. Домбырадай шежіре жыр болмаған,
Даламыздың тағдырларын толғаған,
Армандарын, армандарын, армандарын халқымның,
Аманат қып ұрпағына жолдаған.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері