Өлең, жыр, ақындар

Ақын шықты ат арытып торғайдан

  • 30.03.2022
  • 0
  • 0
  • 909
Менің әрі атам, әрі ұстазым, әрі досым қазақтың ақыны — Ғафу Қайырбековке арнаймын.
Автор

Ақын шықты ат арытып Торғайдан,
Жолығады Бақытына жол қайдан?!
Жүрегінде найзағайша от шашып,
Сол арпалыс, Сол бір айқас, Сол Майдан!
Алатауға ұзағандай қиялы,
Ыбырайдай ортасы бар зиялы.
Ақын шықты ат арытып Торғайдан,
Ахаң менен Міржақыптар тұяғы!
Арқалы ақын ала-тұғын ол орап,
Сансыз тағдыр кес-кестеді жол орап.
Бір қалыспай, Өкшелесіп Сырбайдан,
Келе жатты, Жарқыл қағып сол орақ!
Қызығатын, қайран қалып, сүйіп кеп,
Шаншығанда жыр уығын иіп кеп.
Қастерлеумен Қасым ақын жырларын,
Қасымменен дәурен кешті биіктеп!
Құдай берген жарқылдатып тіліне от,
Ақын еді той-думансыз күні жоқ.
Әдебиеттің алға тартты керуенін,
Ғабаң, Сәбең ағаларға іні боп!
Бірде дана, бірде сәби бала еді,
Бір туатын, қайталанбас жан еді.
Жазушылар Одағының сәні еді,
Ортамызда ұлы тұлға аға еді!
Таңырқатып, мынау ұлы мекенді,
Ел алдында талай парыз өтелді.
Күлкі-әзілмен, көрікті оймен көркейіп,
Ақындықтың абыройын көтерді.
Талай майдан өртінен де сау қалып,
Бұлт тіреліп, жаңғырыққан тау барып.
Дағыстанның Ғамзатовын сөйлетті,
Бір кітабын, үш аптада аударып.
Дөңгеленген дүниеден жоқ қашты,
Сан көміліп, сан сарайлар тот басты.
Бірде Пушкин, Бірде Байрон тілімен,
Барша қазақ жүрегіне от шашты.
Қанатты еді, қия-шыңға қонатын,
Жаны — жырға, кеудесі – отқа толатын.
Майдайына біткен Ұлы Қазақтың,
Қайырбеков Ғафу еді, сол Ақын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алғаш тау көргенде

  • 0
  • 0

О, Алатау! Өзіңді жаңа көрдім,
Туған жерден алдымен дала көрдім.
Кеудеме толқын атқан нар өркешті,
Құмды өлке суретін сала келдім.

Толық

Ашылар әрбір күннің

  • 0
  • 0

Ашылар әрбір күннің
парақтары,
Әр күннің әрбір демі
бар аптабы.

Толық

Біреулер жаннан бетер сүйіп мансап

  • 0
  • 0

Біреулер жаннан бетер сүйіп мансап,
Шырқайды жүрек құрғыр сүйікті ән сап.
Адамның баласы бар тауға құмар,
Өтеді өмірінде биікті аңсап.

Толық

Қарап көріңіз