Алты алаш – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Алты алаш» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.03.2022
  • 0
  • 0
  • 1566
Ұтылады, ұтады,
Бірге ауаны жұтады.
Ағайыным,
Алты Алаш,
Бір бәйтерек бұтағы.
Өткен өмір — бәрі мұң
Жапырағы — жанымын,
Ағайыным,
Алты Алаш,
Бір Бәйтерек тамырым.
Көктем келсе гүлге енем
Бүршігім мол бүрлеген.
Жайқаламын жел соқса,
Алты Алашпен бірге мен.
Тамырыммен жалғадым
Жапырағым — жан-жағым.
Алты Алаштың арманы,
Менің ұлы арманым.
Бәріне де қанағат,
Ұрпақ саған аманат.
Алты Алаштың туымен
Жиыл жұртым, жамағат!
Бір Құдайым берер деп,
Көз алмаймын сенен көк.
Бұтағымды биіктет,
Тамырымды тереңдет!
Кеңес құрмай —
алқалас,
Шерім
бұлттай тарқамас,
Бір бәйтерек бұтағы,
Ағайыным,
Алты Алаш!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері