Ұйқыдағы ғаламның сандырағы – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Ұйқыдағы ғаламның сандырағы» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 752
Ұйқыдағы ғаламның сандырағы,
Бірте-бірте ап-анық ән құрады.
От өрілген, біртіндеп көтерілген
Сол әуеннің дауысы жаңғырады.
Тынып тұрған дүние дыбыс күтті,
Елеңдеді сәмбі тал күміс түкті.
Манаураған дүние шырт оянып,
Жақсы көрмей қалыпты тыныштықты.
Манаураған дүние шырт оянып,
Тіршіліктің тірегін тұр таянып.
Кенет келген бір дыбыс әнге айналып,
Кеңістікте барады шырқай ағып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері