Туған жерге сағыныш...
Туған жер таныс өлке таныс аймақ,
Сендегі бар тіршілік жатыр қайнап.
Алыс жерден келгенде сағым қуып,
Келбетіңе көз салам тұрар жайнап
Қаламсаптың сиясын жұқтыра алмай
Шабытым жатыр іште тынып симай
Менің жара жанымды білгендей-ақ,
Қара қалам көмекке келді қалай
Маған бұл жер ызғарлы сезіледі
Туған жердің жылуы келші бері
Недегенмен бейтаныс жат жер анық
Əр адамға ып-ыстық туған жері
Туған жерден бұл аймақ алыс еді
Отан Ана бағасы қымбат тегі
Джентельмен көрінетін қыз-қырғынға
Байқоңырдың сері ғой жігіттері
Қыздары бар теңейтін аузын айға
Сөздері басқанындай тайға таңба
Байқоңырдың қыздары сылқым ару
Ұқсамайды ешкімге мүлде басқа
Тебіреніп толғансам олар жайлы
Сыйлайды алыстығым жанға қайғы
Шет жүрсем де қанша мың километр
Махаббатпен алыстық жақындайды
Туған жердің жұлдызы жарқылдайды
Аспаныңа өң беріп түр сыйлайды
Əлемнің бар жұлдызын жинасаң да
Туған жердің аспаны бола алмайды
Қызғалдағы даламның маған раушан
Кірсе де тікенегі жұмсақ болған
Татымайды əлемде Париж,Лондон,
Ең қымбаты мен үшін Отан Анам!
Біреулер Тадж-Махал арман десе,
Туған жердің мешіті қымбат маған
Талай ұлт жүр Отанын қайтара алмай
Отар болып күн көзін көру жалған
Туған жер биік маған Гималайдан
Сағыныштан хат жаздым бүгін саған
Қанша жүріп жер жүзін шарласам да
Ең асылы табылмас❤БАЙҚОҢЫРДАН❤
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі