Тұрарбек жиырмаға толғанда – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Тұрарбек жиырмаға толғанда» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 884
Бар үмітім өзіңде, асқар таудай Тұраржан!
Үміт деген, тегінде армандардан құралған.
Сенім негіз болмаса, үміт күту құр арман,
Бір атаның тұяғы – сендім саған, Тұраржан!
Қыздың жолы жіңішке, ұл жалғыз деп мұқалман,
қыздан гөрі қазаққа, білесің ғой, ұл арман,
Көптен қайыр болар ма, Құдай қолдап тұрмаса,
Бар үмітті ақтар деп, үрім-бұтақ артады,
саған сенім, Тұраржан!
Жігіт болған осы деп, құр шашылма, Тұраржан,
Болашағың - өмірің арай төгіп тұр алда.
Досың айтқан кеңесті сынап көрмей құп алма,
Кене ханның айтқанын, есіңде тұт, Тұраржан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері