Қарашау киелі мекен – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Қарашау киелі мекен» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1058
Қарашы, о-уу, дей ме өткенге,
Бұрылшы, дей ме кеткенге,
Қарашау – мекен киелі,
Дұға оқи барғам көктемде.
Көктемде, өр су тасыпты,
Жылғалар жолды басыпты-ау.
Төтелеп жетсек жақын жер,
Айналма жолы қашықтау!
Қашықтық сенен айналдым,
Зерделеп сырттай ой шолдым.
Қарашау төбе басында
Қорымы жатыр Файзолдың!
Алты қыз – өрген өрісің,
Қарашау – бүгін қонысың.
Жалғыз ұлды алып қасыңа
Жатсың ба, ата, көрісіп?
Бәйбішең, балаң, немерең
Төртеудің келген төрісің.
Дұғаны қабыл етсе Алла,
Жатқайсың бәрің бөлісіп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері