Басылар-ау деп жүрсем – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Басылар-ау деп жүрсем» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.03.2021
  • 0
  • 0
  • 668
Басылар-ау деп жүрсем,
үдеп берді сағыныш.
Сағыныштың мұхитын
мың кешіп өт, тағы жүз.
Кермек болса қайтейін,
шөлің содан қанады,
Сағыныштың кемесін
қаңтар-дағы бір мезгіл,
мұхитынан сіміріп,
жарылғанша қанып іш.
Жетегіне ап сағыныш,
Тарылтса да қолқаңды,
Сағынарсың сол жанды.
Сағынарсың бәрібір
жүрек сыздап, жанып іш...
Әй, сағыныш, сағыныш,
Дүмпулерің барады
Күннен-күнге жиілеп,
Бір тынбассың түбінде
Жасап тынбай жарылыс.
Әй, сағыныш, сағыныш!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері