Шаңырағыма – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Шаңырағыма» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.03.2021
  • 0
  • 0
  • 630
Бір кеудеде бір жүректі жылыттым,
Бар мұңымды мұң көрмедім, ұмыттым.
Жалғыз алау тұтандырған қос жүрек
Төңірекке шуақ шашып күліп тұр!
Бір жүректе мұз-сілемді жібіттім,
Бағын аштым жаны жүдеу жігіттің.
Ұл сыйладым, ай маңдайы арайлы –
текті жігіт суретте күліп тұр!
Қос кеудеде қос жүректі жылыттық
Рахымы жаратқанның құйып нұр.
Сөнбес сезім сәулесінен жаралған
Әдемі қыз маңдайымнан сүйіп тұр!
Шуақ сіңген шаңырағым – киелім,
Сүйенішім – босағамды сүйемін,
Қимас жылдар қызығына бөленем,
Тәтті күндер елесіне сүйеніп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері