Аспанда ұшқан бұлт ыдырап барад – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Аспанда ұшқан бұлт ыдырап барад» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1351
(А.С. Пушкиннен)

Аспанда ұшқан бұлт ыдырап барады,
Мұңды жұлдыз бір жылт етіп қарады!
Сенің сәулең – нұрландырған даламды,
Күңгірт құз бен мүлгіп тұрған аралды.
Нәзік сәулең сонау көктен тіл қатты,
Ұйықтап қалған қиялымды оятты.
Сүйем сені! Сүйікті елдің кешінде
Шоқтай жайнап шығатының есімде.
Зәулім терек зеңгір көкпен таласқан,
Найқалады мирт, кипарис ағаштар,
Оңтүстіктің шуылдайтын толқыны,
Аралаушы ем тауын, сүйем мен соны.
Бергенде үйге түн пердесі түр өзге,
Ойға шомып қараушы едім теңізге,
Іздеуші еді сені жас қыз мұнарда,
Уа, дариға, сол дағы естен шығар ма!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері