Қойшы перзенті – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Қойшы перзенті» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1370
Шашып тұр күн шығыстан,
Арайлап таң атқанда аппақ.
Төрт түлік мал әрбір тұстан,
Шықты өріске өре қаптап.
Ақбас қойлар мамық арқа,
Бір түліктен топты жарып,
Көш селкеуін тарта-тарта,
От беткейге жетті барып.
Жүгірді артта кенже қозы,
Балаға ұқсап жалбаң-жалбаң,
Секірді лақ – шөл құндызы,
Боп мәз-мәйрам, салып сайран.
Ойнатқандай өз перзентін,
Рақат құшып ойшы шопан,
Жүзді сонда көңіл көркін,
Сол бақташың, сенің Отан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері