Жұлдыз – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Жұлдыз» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1337
(А.С. Пушкиннен)

Қанатын жайса қара түн,
Жарқыраушы еді жұлдыздар.
Жадырап соған қалатын,
Қабағын түйген шың-құздар.
Түнекте таңды аңсап ең,
Ұшқын бір шашып жарқылдап,
Әділет, арға жар сап ең,
Алқырандай саңқылдап.
Сан ғасырдың жүрегін,
Шарпыды жырың һаманда.
Үмітің, арман, тілегің,
Жарасты біздің заманға.
Торласа бұлтқа көнбейтін,
Көгінде жаздың жайдары.
Күн сөнгенше сөнбейтін,
Сен де бір жұлдыз айдарлы.
Сыр тартып сол жұлдыздан,
Жас ойшыл отыр шарқ ұрған.
Өзіңдей ұлан туғызған,
Айналып ұлы халқыңнан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері