Тамылжып бұлбұл салар ән – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Тамылжып бұлбұл салар ән» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.03.2021
  • 0
  • 0
  • 753
Тамылжып бұлбұл салар ән,
Таңдарды таңға жалғатып.
Таңғы асқа құны татитын,
Таңғы ауаң қайда Алматым?
Қаптаған көлік ауаны
Тіледі жүйткіп шаңдатып.
Мұнардан көзін ашпай тұр,
Мұңайған ару Алматым.
Аспанның өзін алғандай
Көкала шаңға аунатып.
Тал-терек, саяң азайып,
Жарнамалармен жасардың.
Атағың жарып жаһанды
Сауданың төрі атандың.
Көз көрген небір ғажапты
Өзгерткен мазмұн, мәнімен
Алматым бөлек түрлендің
Өркениет «сәнімен»?!
Түрлендің танымастай боп,
Бояуын жағып шетелдің!
Жастықтың пейіш мекенін,
Аңсаймын жиі - не етермін..?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері