Қоңыр жел – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Қоңыр жел» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1259
Соқшы уілдеп толастамай, қоңыр жел,
Бұлдырасын көз ұшында құба бел.
Жауар бұлтты күшің жетпес айдауға,
Сен емессің қара дауыл бейне сел.
Жерде осы отырар-ды қалың ел,
Сағымымен шайқап шәлі құба бел.
Көйлегімнің ағытайын өңірін,
Аймалашы, сағындым ғой, қоңыр жел!
Қанша белге қаз-бауыр жел жетерсің,
Жыбырлатып көлдің бетін, өтерсің;
Сыбызгыдай ызыңдасаң күзде сен,
Сағынышың тастап маған кетерсің.
Ұмытатын сар жайлауды менмін бе,
Сен жүрерсің қайда жүрсем көңілімде.
Түрлі жердің түрлі желін көрдім мен,
Қоңыр желдей жел көрмедім өмірімде!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері