Өлең, жыр, ақындар

Әдемілік деген не?

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 4411
Жұтынып тұрған сұлулық па?
Жоқ.
Бір-біріңнің сырыңды ұқ,
Суымайтын жылылық.
Мөлдіреген мойылдай көзің бе?
Жоқ.
Бір-біріңді қимай, жарасып жүрген кезің.
Сұқтандырған сырт сымбатың ба?
Жоқ.
Жүрегіңмен жазып жүрген нұр хатың.
Киім бе, әлде сәнді тігілген?
Жоқ.
Жарастығың — құдайдай әмсе жүгінген.
Сұлу сөз бе, ағылған?
Жоқ.
Ақ көңілің — ағынан ақтарыла жарылған.
Байлық па, әлде асып-тасып төгілген,
Жоқ, адамшылық әрқашан да асқақ көрінген.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Төлеухан Кенжебаевқа

  • 0
  • 0

Жазира, жаны жайсаң, асыл Төкең,
Дос-туысқа сүйкімді, атың Төкең.
Елуге енді ғана жетсең-дағы,
Сиреп қапты-ау басында шашың, Төкең,

Толық

Дарханға

  • 0
  • 0

Дархан деген осы бір бала ма екен,
Туысынан жаралған дара ма екен.
Бүлініп мынау дүние тұрған шақта,
Бүтіндеп жөнге салар дана ма екен.

Толық

Жүрекке наз

  • 0
  • 0

Жүректің қысылғаны қандай қиын,
Мұндайға жолығып па ем бұдан бұрын.
Петрович, бәрі жақсы дей бересің,
Дәрінің кейбірінің білмей сырын.

Толық

Қарап көріңіз