Өмірін бер ей, тағдыр, Ахметтің

Бұл бетте «Өмірін бер ей, тағдыр, Ахметтің» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 743
Өмірін бер ей, тағдыр, Ахметтің,
Асқар таудай келсе егер ақын еткің.
Халқым үшін бейілмін ...
Тайсақтамай,
Ашар едім есігін ақыреттің.
Керек емес тірлігің мандымаған,
Бозторғайдай зар салам таңқұладан.
Көз жұмса да қолынан қанқұйлының,
Келе жатыр күресіп мәңгі бабам.
«Халық жауы» лақабын таңды надан.
Өткен сайын уақыт артар бағаң,
Сарсаң жұртың,
өзін де жарыта алмаған.
Қанатыңның астына алшы бізді,
Бауырына ері ауған тарпаң балаң.
Өмірін бер ей, тағдыр, ғұламаның,
Одан басқа ештеңе сұрамадым.
Күтіп жүр ғой көпшілік алаңдаумен,
Пана болар қашан да бір адамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмірін бер ей, тағдыр, Ахметтің өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Өмірін бер ей, тағдыр, Ахметтің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмірін бер ей, тағдыр, Ахметтің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өмірін бер ей, тағдыр, Ахметтің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері