Қазақтың қолтумасы – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Қазақтың қолтумасы» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.11.2020
  • 0
  • 0
  • 759
Қазақтың даласы бұл қаңтардағы,
Уақыт өткен сайын артар бағы.
Күсет қар нығыздалған,
Ал жылқысы –
Адамнан жәрдем күтіп аңтармады.
Жануар күртік кешіп, омбылаған,
Шөпберіп, күтпеседе – қоңды.
Ұнаған.
Киелі боз жылқылар,
Аруақпен,
Жалыңа жау келгенде қонды бабам.
Аязда қолтумамыз қың демеген,
Жылқының тоңатынын білмеген ем.
Боз-боран ұзақ жолда,
Атқа сеніп,
Арманға таянып-ақ күнде келем.
Жануар құланнан сәл пішінді еді,
Қазақтар қазақиды – түсінбеді.
Бабаммен Байтақ Елді бірге құрған,
Пырағым, шерің қалың ішіңдегі?..
Әспенсір ақ қылшықтың жаманаты,
Күрсінді түркілердің қағанаты.
...Жалыңның қасиетін қадір тұтам,
Тұяғың ата-бабам – аманаты,
Қазақтың қолтумасы - қазанаты!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақтың қолтумасы өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Қазақтың қолтумасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақтың қолтумасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақтың қолтумасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері