Бұл бетте «Жапанда жалғыз жұрынмын» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жапанда жалғыз жұрынмын,
Бөктергі кетер бөктеріп.
Қадірі қашты жырымның,
Көңілі кіршең көпке еріп.
Мен екем әңгің әулікпе,
Құлашын ұрған құрдымға.
Шатасам сан мың тәулікке,
Батамын батпан «ырғынға».
Қайыңның жонған безінен,
Қыл қобыз болсам деген ем.
Жалғаннан мынау безінем,
Кеземін көкті кемемен.
Тартпадым мүлде шыжымды,
Өтпедім құздан дін аман.
Көкейге батқан қыжылды,
Басады баппен Жұмағам.
Нетемін енді, көнем де,
Қаламай тұрсын ындыным.
Мұңымды шағам өлеңге,
Жапанда жалғыз жындымын.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі