Өлең, жыр, ақындар

Әділбек Ыбырайымұлы

Әділбек Ыбырайымұлы Алпысбай — 1965 жылы 18 сәуірде Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылында туған. І. Жансүгіров атындағы орта мектепті бітірген.

Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, Қазақ мемлекеттік заң университетін заң тану мамандығы бойынша бітірген. Мәскеу қаласында «Корпоративтік мәдениетке диагностика жасау және оны қалыптастыру РR-технологиясы» (2003ж.) және Лондонның PR мектебі (2004ж.) курстарын аяқтаған.

Қазақстан Жастар одағы мен Журналистер одағының бірлесіп, журналистика саласындағы тағайындаған Баубек Бұлқышев атындағы сыйлығының иегері (1992ж.). Сондай-ақ, әдебиет пен мәдениетке берілетін Қазақстан Жастар одағы сыйлығының (1997ж.), Халықаралық «Алаш» (2012ж.), «Дарабоз» (2015ж.) әдеби сыйлықтарының лауреаты. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткізілген «Алаш тарихының ақиқаты» атты республикалық бәйгесінің жүлдегері, Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Азаттық аясында» атты республикалық жыр бәйгесінің бірінші орын иегері.


Қарап көріңіз