Адам адам болғалы – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Адам адам болғалы» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 921
Адам адам болғалы келе жатыр алысып,
жүгірген аң, ұшқан құс — барлығымен жарысып,
ажырасып,
табысып,
қол сындырып,
бас жарып,
біреулері дәрі ішіп, біреулері қан ішіп...
Араздасып,
адасып,
айнып,
ауыз жаласып,
жағаласып,
жаласып,
жоққа бола таласып,
тіршілікте тірінің қадіріне жетті кім,
біреуіне-бірінің көрді ме екен жаны ашып?!
Заманалар болған да шығар, бәлкім, тату, кең,
бүгінгінің қабағы, қандай ғана қатулы ең?
Бірін-бірі алдаумен келе жатыр адамдар,
бірін-бірі арбаумен, бірін-бірі сатумен!
Жақыны кім,
жаты кім,
досы қайсы,
кім дұшпан, —
айырмасы болмапты әділеттің қылмастан,
бәрі мидай былығып,
ұры-қары, ұлылық,
кім дерің бар бүгінгі Ақсақ Темір,
Шыңғыс хан!
Жұдырықпен,
мылтықпен,
зеңбірекпен,
бірі умен,
келе жатыр адамдар бірін-бірі қырумен.
Ұлы Сталин...
Гитлер...
Алжир...
Карлаг...
Освенцим...
Қайсыбірін айтарсың....
Хиросима...
Трумэн.
Біреулері ақталып,
біреулері ақталмай,
адам деген мақұлық бір-біріне жат қандай!
Бірін-бірі дуалап,
диуана қып,
қуалап
ажал-апан аузына айдап бара жатқандай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адам адам болғалы өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Адам адам болғалы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адам адам болғалы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адам адам болғалы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері