Жаңбырдан соңғы кеш – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Жаңбырдан соңғы кеш» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3028
Жаңбыр өтті жүгіріп,
Орнында бірақ қалды бұлт.
Теректер шашын жуынып,
Шулайды бұлақ жарды ұрып.
Қоңырайған тау түсі,
Өкпелеген адамдай.
Келсе де бұлттың жауғысы,
Тұр енді қайта жауа алмай.
Айтатын оған сөз мынау:
Жанатын болсаң бір-ақ жан,
Жауатын болсаң бір-ақ жау,
Дүниеде осы бір-ақ заң.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңбырдан соңғы кеш өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Жаңбырдан соңғы кеш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаңбырдан соңғы кеш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаңбырдан соңғы кеш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері