Алақанымды аядым – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Алақанымды аядым» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 600
Аузынан еш сөзі түспей есіліп,
Қашан көрсең жүргені оның есіріп.
Үлескенде жастар жақсы әзіл-наз
Осы байғұс қалса керек кешігіп.
Дөрекі әзіл, дөңбек сынды қонымы
Аңғармайды бар ма, жоқ па орыны.
Қырау басқан самаймен де санаспай,
Жарбаңдайды жайдақ мініп торыны.
Көсіледі әлін білмей аяғын.
«Үйренгені үйдегісі баяғы...»
Шапалақпен шартылдатып беруге
Нансаңыздар алақанымды аядым.
Қисық ағаш түзеткенге жөнделіп
Кетпесе де мұны осылай емделік.
Қыздар берген шапалақтан сорлының
Кеткен сірә екі беті көн болып.
Абайла десе, ашынып,
Ал, әйда десе, тасисың.
Қылығыңды қаз қойса,
Желкенді ғана қасисың.
«Тоқыранның тәубесі»
Талайғы берген уәдең...
Күйкі күй кімнің отбасы
Сол үйге таныс бұл адам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алақанымды аядым өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Алақанымды аядым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алақанымды аядым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алақанымды аядым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері