Білу қиын кімге сену керегін

Бұл бетте «Білу қиын кімге сену керегін» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 600
Білу қиын кімге сену керегін,
Адам жаны көз алдында көк егін
Емес, қалай қалтарысын білерсің
Бойлап сонау жүрегінің тереңін.
Жатқа сенбеу заңды,
сенген жақының
Көмек, жетек беріп білген ақылың,
Жаның салып, жақсылығыңды аямай
Жүрсең,
қауып жараласа тақымың!
Қалып көңіл,
қалай жаның талмасын,
Кешірілмес қаттылыққа бармассың.
«Күйген ауыз үрлеп ішіп суықты»,
Енді аяғың қалай жиып алмассың.
Жақсылықты жасау үшін ойлану
Керек екен татымсыздан бой бағу.
Білімсізге болыстық қып бұзылмай,
Артық екен «ауыз майлар қой бағу».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Білу қиын кімге сену керегін өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Білу қиын кімге сену керегін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Білу қиын кімге сену керегін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Білу қиын кімге сену керегін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері