Бір өзім – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Бір өзім» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1438
Т.Шевченкодан

Бір өзім.
Тек өзім ғанамын.
Жапанда жалғыз қазықтай.
Жалғыздық бердің тәңірім
Таусылмас ризық — азықтай.
Еркіндік, бақыт бермесең,
Сыйладың неге сұлулық
Сұрадым қашан өзіңнен
Жарат деп мені сұлу қып.
Жанары жалын қара көз
Қарасын күліп кімдерге.
Жаспенен тозды жуылып
Жалғыздық кешкен түндерде.
Досыма шағар мұңымды
Жас маржан етіп ағыттым.
Жат ортада жалғызбын
Татпадым дәмін бақыттың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір өзім өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Бір өзім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір өзім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір өзім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері