Интервью – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Интервью» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ауыл, шет аймақтан
Қалаға бармаққа,
Поезға алғашқы
Бiр мысық жайғасты.
Сұрадық мəнiсiн:
– Келесiң не үшiн?
– Қалада туыс көп,
Келемiн бiр iс боп.
«Жедел, тез жет дептi,
Көмектес кеп дептi.
Бiз тұрған пəтерде
Көбейдi қатер де,
Тышқандар пайда боп,
Соған еш айла жоқ.
Мысығы қаланың
Болып тұр шамалы.
Ұстауға ебi жоқ,
Ерiншек, себi жоқ,
Денесiн май басып,
Жүр бəрi жай басып.
Негiзгi кəсiптi
Ұмытып, жасытты...
Олардан қайран жоқ,
Түнiмен ойран боп.
Тышқандар басынды,
Ұйқыны қашырды...»
Сол үшiн келемiн!
Ол тышқан неменiң
Жазасын бермекпiн,
Шамасын көрмекпiн!
Кiм ата кəсiптi
Ұмытса – жазықты.
Көрсетем тышқанды
Қалайша ұстауды!..
Кер кеттi заманың...
Мысығын қаланың
Басынса тышқандар!
Масқара... ұқсаңдар...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Интервью өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Интервью өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Интервью өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Интервью өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері