Бұл бетте «Кепкен құрт» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
27.06.2019
0
0
5849
Бір бала құртқа өш,
Берместен жұртқа еш,
Құрт көріп, бас салып,
Сорды да тамсанып,
Жегісі кеп еді,
Бөлуге келмеді!
Ызадан жарылар
Баланың жайы бар.
Ашуын шақырды,
Азуын батырды!
Құрттан да тіс мықты,
Қарш етті, іс бітті!
Қара, не іс қылған,
Құрт сынбай, тіс сынған!..
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі