Алатау
Бұл бетте «Алатау» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
О бастан-ақ жарасып
Тұрған тұлға, реңi.
Алатауды қарашы –
Алматының кiлемi!
Көздiң жауын алғандай,
Шырша,
Шалғын,
Гүлi бар.
Көрсе мейiр қанғандай,
Алуан-алуан түрi бар.
Алатаудай айбынды,
Тау көргем жоқ мен əлi.
Медеудiң мұз айдыны –
Чемпиондық медалi.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі