Әмірхан Балқыбекке – Ерлан Жүніс

Бұл бетте «Әмірхан Балқыбекке» атты Ерлан Жүніс жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.05.2023
  • 0
  • 0
  • 1363
...Алақан шұңқырында күн аунаған,
Жаралған шығар, бәлкім, шыдауға адам...
Жер беті – жасыл болжам, қызыл күдік,
Бірінен, о, құдірет, бірі аумаған.

Жап-жасыл сәуле ойнатар жарқыраған,
Қоңыр шал, Балбал әке, Алтын адам...
Саусақтың ұшын көрмес сарғыш парақ,
Өтінде уақыттың қалтыраған.

Тұлпардың тұяғынан дүбірлеген,
Түркінің жұмбақ таңы сібірлеген.
...Басында – А сызықты жазуларды
Түнімен ескі жұрттар күбірлеген.

Ол да бір қосан ғұмыр, құбыл өлең,
Жанына жар таппаған жіміледен.
...Дүниеде бір кітап бар жазылмаған,
Құдай-ау, жете алам ба түбіне мен?!.

Адаспас жолаушыға алдан, от, шық,
Жасыл от – жоққа барсың, барға – жоқсың.
...Жанымды азаптады-ау жұтындырмай,
Ғасырдың алқымында қалған өксік.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері