Қыс. Сезім – Серік Сағынтай

Бұл бетте «Қыс. Сезім» атты Серік Сағынтай жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1147
1.
Қара жерді ақ мамық қар жабады,
Сенің ізің жазды алғаш жарнаманы.
Ақ қағазды алдыма мен де жайып,
Жыр жазам деп өзіңе ең ғажайып,
Ойға батып отырдым тағы армандап,
Менің кеудем — ақ қарға оранған бақ.
2.
Тереземді қырау гүл өрнектеді,
Өмір сондай керемет келбетті еді.
Қырау қатса құрсаулап жүрегімді,
Гүлді өрнекпен салам деп нұр-өңіңді,
Дидарыңды аймалап қиялыммен,
Кеудеме сыр-сезімді құямын мен.
3.
Үй сыртында ақ боран аласұрды,
Менің кеудем секілді нала-сырлы.
Көктемді іздеп қыс борап бүлінгендей,
Сен жайлы ойлар маған еш тыным бермей.
Қаламымнан алапат жыр борайды,
Бұлдыр уақыт, ақтүтек сырғанайды.
4.
Нұрлы Күннің сәулесін аяз қарып,
Қалтырайды қайың-тал қаязданып.
Қалтыраумен өтетін бар ғұмыры,
Табиғаттың қатал қыс — заңдылығы.
Өмір-боран, тұрса да қамап ызғар,
Жалын сезім лауласын арамызда...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыс. Сезім өлеңінің авторы кім?

Серік Сағынтай — осы өлеңнің авторы.

Қыс. Сезім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыс. Сезім өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қыс. Сезім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері