Оранып ап жап-жасыл шарқатына

Бұл бетте «Оранып ап жап-жасыл шарқатына» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 482
Оранып ап жап-жасыл шарқатына
көктем келдi тағы да Алматыма.
Газондар мен бульварлар өрттей ыстық
қызыл, сары гүлдердiң толды отына.
Жолды көмiп
талайды адастырған
болмайтын да шығар-ау толас бұған... –
қаптап өсiп жап-жасыл бiр дүние
көтерiлiп келедi жер астынан.
Жаңбырлардан, топырақ, бұлақ күннен
керемет бiр бойына қуат кiрген,
жүрмесе егер адамдар
асфальтiңдi
тастар едi аударып бiр-ақ күнде!
Көктем ғой бұл кептiрген кенезеңдi,
бiлмейтұғын жасанды ережеңдi...
Кеше ғана жалаңаш бұтақтардың
жапырағы түртедi терезеңдi.
Тыныстауға дамылдап бекiндi де
мезгiл таяп барады екiндiге...
Тырналардың тiзбегi ұшып өткен
жапырақты бұтақтар секiлдi ме?..
Көктем кербез өзiне тартады да
қаратады аспанның алқабына, –
бұйра-бұйра бұлттар қонақтаған
биiк-биiк үйлердiң балконына.
Аламын деп мұндайда тыным қалай,
есiтем деп көктемнiң жырын талай,
аппақ фонтан
ақ көбiк шампан құйған
ағыл-тегiл тасиды рюмкадай!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оранып ап жап-жасыл шарқатына өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Оранып ап жап-жасыл шарқатына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оранып ап жап-жасыл шарқатына өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оранып ап жап-жасыл шарқатына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері