Сүрініп кетпе – Омарғазы Айтанұлы

Бұл бетте «Сүрініп кетпе» атты Омарғазы Айтанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.11.2020
  • 0
  • 0
  • 977
Сүрініп кетпе
Табалдырығы –
Есігінде жат үйдің.
Секілді ол дұшпанына –
Бас игені батырдың.
Бір бұлт етсе тобығың, өрбиді –
Он есе өсек ізіңнен.
Езулері жырта қарыс, не шықпайды –
Отыз тістен тізілген.
Байқа, анық бас,
Соғылып қалма жат босағаға!
Табалдырығында – біліп ал,
Өкініш пен күлкі дәл осы арада.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері