Заманға сондай киліктің – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Заманға сондай киліктің» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 637
Саудада достық жоқ.
Сәлемде борыштық жоқ.
Халық нақылы

Жараған жұрт жүруге
Түгел сауда соңында.
Шама да жоқ, шара жоқ,
Кәрі-құртаң, момында.
Бизнесмен деп аталған
Алыпсатар — саудагер.
Оның мың ғып есірмек
Болып түскен әуреге ел.
Жаны, ары, иманы
Айналғандай ақшаға.
Қоғам деме, ақша де.
Көзі түспейді басқаға.
Мыңға сатады онға алып,
Әкесіне өзінің
Өлдім десе бұрылмайды
Қарасына көзінің.
Достық жоқ дейді саудада,
Алла алдына бар мейлің.
Нарықтың заңын бұзбайды,
Баю жеңген бар бейілін.
Адамда ындын бұзылды
Нарық езіп, айығып тым.
Ешкімнен күтпе шарапат
Заманға сондай киліктің.
«Қоғамын достық құрамыз»
Дейді санашыл шырылдап...
Ділі, тілі басқаның
Иттері үреді ырылдап...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Заманға сондай киліктің өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Заманға сондай киліктің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Заманға сондай киліктің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Заманға сондай киліктің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері