Махаббат – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Махаббат» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1021
О, махаббат аяулы асыл сезім,
Арнамаған бар ма екен саған сөзін.
Мекендеген жер үстін жан иесін
Баурамаған бар ма екен сірә кезің.
Асыл сезім жаралған ізгіліктен
Талпынады жан біткен ізгі үмітпен
Сенен шығып, тарайды сенен ғана
Бар жақсылық атаулы бізді күткен.
Дүние бос, өмір жоқ сенсіз жерде
Тең саналар хайуанмен сенсіз пенде.
Адамдықтың, ізгілік, ұлылықтың
Биігіне жетудің кілті сенде.
Ұлы сезім, шегін жоқ , шеңберін жоқ,
Бір қарасақ өзіңсің елдегі көп.
Түрлерін көп, қырларың, сырларың көп
Ең көл жетпес және өзің жердегі жоқ.
Адамдағы қымбаттың, қасиеттің
Қадіріне жетуді ғасыл еттің
Сен бар жерде бақытты жан атаулы,
Сен жоқ жерде басында қасірет-мұң.
О, махаббат берілген тек адамға
Нұрың түспес жан бар ма бұл ғаламда.
Тек қадірің түсіну, құрбан болу
Бұйырмаған жердегі әр адамға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махаббат өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Махаббат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Махаббат өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Махаббат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері