Әке ғой қашанда анық асқар тауың
Бұл бетте «Әке ғой қашанда анық асқар тауың» атты Ғабиден Қожахмет жазған әке туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.
(Әкенің ұрпақтарының әкенің 80 жасқа толған тойына шақыруы)
Айтылып жүректердің иманды әні,
Мол болсын тағдырдың да сыйлар бағы.
Шаттығын шаңырақтың бөлісуге
Тілекші ел отыр тағы жиналғалы.
Сіңірер өнегесін жастарға мың,
Әке ғой қашанда анық асқар тауың.
80-ке толып бүгін аяулы Әке,
Ұрпағы жайды шаттық дастарқанын.
Айтқанда той хабарын елге бүгін,
Болмасын ақ тілек пен әнде тыным.
Келіңіз, той шаттығын бөліс бірге,
Ағайын, қадірлі қарт әулетінің.
Көрсете алғаннан соң таным-білік,
Талай белес бұл жолда алынды нық.
Қарты бар үй - қазына, әкеміз де
Шықты асуға сексенді бағындырып.
Қастерлі жан 80-ге келді, міне,
Шақырамыз сол тойға елді, міне.
Әкеміз сүріп өмір мағыналы,
Шалдықпай жетті сексен сеңгіріне.
Куә боп соны ел де сезінеді,
Ұқты әке сыйлайтынын өзін елі.
Сондықтан ел-жұртына сауын айтты
Сексеннің биігінде шежірелі.
Еске түсіп елмен сан ұғысқаны,
Аға - ақылшы, болды іні - тыныс бағы.
Енді бүгін солардың басын қосар,
Тойға келсін ағайын, туыс - бәрі.
Ойлайтын үлкендер бар жастар қамын,
Арнайды тойға лебіз достар да әнін.
Құда-жекжат, нағашы, жиен - бәрі
Сезінсін осы шаттық дастарқанын.
Артады әке бүгінде сенімді елге,
Бұл тойың болады ортақ сезінгенге.
Қоссын басын шаттықта аға-жеңге,
Келсін тойға іні мен келіндер де.
Жырласын ел көңілі марқайғасын,
Шаттық толы кеуделер қартаймасын.
Ағыл-тегіл тілекке толып орта,
Қуаныштың қазаны ортаймасын!
Жүректерден сырыңды ақтарғайсың,
Суырыла көрінер топтан қайсың.
80-інде әкейдің тойына деп,
Тойлы ауылды, тілекші ел, бетке алғайсың.
Келсін бала үлкенге ілесіп ап,
Ол да бүгін тілеуін тілесін ақ.
Кел, ағайын, бұл тойдан мәнді өмірдің
Қайтпаққа мағыналы үлесін ап.
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Әл – Фараби
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі