Тойым – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Тойым» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1216
Қаншама саттың
Бірінші байды?
Қаншама жаттың,
Жасырып жайды?
Қаншама саттың
Екінші байды?
Қаншама жаптың
Басына қайғы?
Соншама саттың
Үшінші байды.
Жасырып, жаптың
Аспанда айды.
Өзіңде, сірә,
Қанағат бар ма?
Зінәлік – күнә
Адамдық арға.
Лыпаңды сыра,
Жығылдың жарға.
Ояндың тұра,
Тұманды таңда.
Өмірде бармыз,
Бәрі де ойын.
Жаралған жанбыз,
Кең құшақ қойын.
Әйелде әлсіз
Болар ма тойым?
Тойдырар жалғыз
Қара жер қойын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері