Әке мен бала айтысы – Гүлмекен Қасенбай

Бұл бетте «Әке мен бала айтысы» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

(Сахнаға Бауыржан домбыра тартып, бір ән айтып шығады. Әннің екі-үш жолы айтылған соң, әкесі сахнаның сыртында тұрып "Бауыржан" - деп екі-үш рет айқайлайды. Бауыржан домбырасын қойып, "ау-әке!"-деп жауап береді. Әкесі сахнаға шығып, былай дейді.)

Нұрбол:
- Айқайлап жатырмын мен "Бауыржан" - деп,
Ән айтып сен отырсың "ау әке!" - леп.
Әкесі шақырғанда шықпайтындай,
Білгім келеді ұстаған сені не деп?

Бауыржан:
- Әкешім ренжімеңіз ашуланып,
Сайысқа қатыспақшы Бауыржаның!
Көпбосын немересі Нұрболұлы -
Дегенде шықпаймын ба әнімді айтып?
Руым - Албан, ішінде Сары, Тайлақ,
Баламын еркін өскен күліп-ойнап!
Арайдай жан анашым өмірге әкеп,
Зылиха әжем өсірген мені аялап!

Нұрбол:
- "Жігіттің сұлтанына" қатысуға,
Жүрмісің дайындалып ей сен бала?
Жарайсың отыра бер әніңді айтып,
Жарыста жеңілуді ойыңа алма!

Бауыржан:
- Қазақпын "жарыс" десе жанып түсер,
Сегіз "И" сыныбым бар жеңіс күтер.
Макеева Бибігүл апайым бар,
Анамдай біздер үшін күйіп-пісер!
Сонша жанның үмітін мойныма алып,
Келген соң бар өнерді салам анық!
Әділқазы алқасы, жиналған көп -
Сәлемімді қоярсыздар қабыл алып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әке мен бала айтысы өлеңінің авторы кім?

Гүлмекен Қасенбай — осы өлеңнің авторы.

Әке мен бала айтысы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әке мен бала айтысы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлмекен Қасенбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әке мен бала айтысы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар